Тамара Қалеева: «Мемлекеттік газеттер жекеге өтсе, оқырман мен жарнама үшін таласу керек болады»

Жалпы, мемлекеттік БАҚ-тың жекеге өтуіне қатысты «Тілші» сайты «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоорының президенті Тамара Қалееваның пікірін білген болатын.

«Мен өз позициямды айтайын, мемлекеттік басылымдардың қажеті шамалы. Өйткені, демократиялық қоғам қағидаларына қайшы келеді. Оларды бұқаралық ақпарат құралдары емес, бұқаралық үгіт құралдары деуге де болады. Билікті мақтай береді. Кейбір елдерде мемлекеттік БАҚ деген мүлдем жоқ. Одан мемлекеттің ештеңесі кетіп жатқан жоқ. Ал, жекешелендіруге қатысты айтарым, ол дұрыс процесс», — дейді ол.

Рас, бұл ретте Тамара Қалеева БАҚ құрылтайшысы кім болуы мүмкін деген сұрақ туындайтынын алға тартып отыр.

«Оның медиа саласындағы біліктілігін де ескеру керек. Кадр саясатын қалай жүргізуі мүмкін. Егер қызметкерлерін қысқартатын болса, заң жүзінде рәсімдеп, басқа жұмыс ұсыну керек болады немесе өтемақы төлеу керек. Кем дегенде бір ай бұрын жазбаша ескерту керек. Іс жүзінде кейбір басшылар қызметкерін шақырып алады да, ертең боссың дейді.

Сонымен қатар, аталған басылымдардың болашағы да қызықтырады. Егер биліктің сойылын соғатын БАҚ жекенің қолына өтетін болса, заңды мәртебесін де өзгерту керек. Іс жүзінде, заңды статусы өзгергенімен, міндеті бұрынғысынша қала беруі мүмкін. Өйткені, бәрібір мемлекеттік тапсырыс алады. Мемлекеттен қаражат алғаннан кейін айналып келгенде билікті мақтауға тура келеді», — дейді «Әділ сөз» қорының президенті.

Мұндай жағдайда, Тамара Қалееваның пайымынша, оқырман үшін ештеңе жақсармайды. Газеттердің мазмұнында да өзгеріс болмайды.

Мемлекеттік БАҚ-ты акционерлік қоғамдар да жекеге алуы мүмкін. Бұл қоғамдардың құрамына кмдердің кіретіні де маңызды.

«Меніңше, мемлекеттік БАҚ-тың жекеге өтетіні туралы мәселе көтерілсе, онда мемлекетті ктапсырыс көлемі қалай болғанда да азаюы мүмкін. Әйтпесе, неліктен билікті мақтайтын басылымдарды жекешелендіру керек деген мәселе қозғалады? Егер, мемлекеттік басылымдар еркін айналымға кететін болса, онда жаңа басшылары үшін оқырман мен жарнама үшін таласу керек болады. Іс жүзінде, айналып келгенде биліктің ыңғайына қарау керек болады. Немесе бизнесмендердің мүддесі үшін жұмыс істеуге тура керелі. Тек оқрман не көрермен үшін емес. Өйткені, құрылтайшы нәпақа табу керек», — дейді ол.

Марат Төлепберген, «Тілші»

http://tilshi.kz/?p=8317

Будьте в курсе

С нашей рассылкой новостей вы будете в курсе свежих фактов нарушений свободы слова в Казахстане

Альбом
Vazno