Ұлтараздықты қоздыру туралы іс бойынша айыпталушы Татьяна Шевцова-Валова жазбалардың авторы емес екенін айтып, ақталуда

12 қаңтарда Алматының  Алатау аудандық сотында әлеуметтік желілірдің 11 қолданушысының арызы бойынша алдын ала сот отырысы өтті. Айыптаушылар алматылық Татьяна Шевцова-Валованы ұлтараздықты қоздырды деп кінә тағуда (ҚР Қылмыстық кодексінің 164 бабына сәйкес жаза жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға апарады). Кінә тағушылардың мәліметтері бойынша Т. Шевцова-Валова әлеуметтік желілерде азаматтарды ұлттық белгісіне қарай қорлайтын жазбаларды бірнеше рет шығарған.

Журналисттерді ашық сот отырысына кіргізбеді. Себебі басында куәларды (олар және айыптаушылар есебінде), сосын айыпталушыны тыңдау қажеттілігі айтылды. Кейін отырыс әдеттегідей тәртіппен жалғасты.

Айыптаушы жақты тыңдап болған соң, сот оларды коридорда күте тұруды ұсынып, айыпталушыны тыңдауға кіріспек болған. Алайда отырыс жалғаспады. Сот отырысы залынан шыққан Шевцова-Валова журналисттерге кінә тағуға себеп болған материалдарды жазбағанын мәлімдеді.

Айыпталушының өтініші бойынша, күмәнді посстарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеу үшін, сот 23 қаңтарға аустырылды.  
Будьте в курсе

С нашей рассылкой новостей вы будете в курсе свежих фактов нарушений свободы слова в Казахстане

Альбом
Vazno